30 тамызда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

29 Тамыз 2023, 03:29 718

Елімізде Конституция күнін мерекелеуге байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар 30 тамызда азаматтарды қабылдамайды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын 31 тамыздан бастап, әдеттегі кесте бойынша жалғастыратын болады.
Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО әдетте, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды

Берік Арманов
Бөлісу: