29.11.2025
18:15
655
30 қарашаға арналған ауа райы болжамы

30 қарашаға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мамандардың мәліметінше, антициклон Қазақстан аумағының көп бөлігінде өз ықпалын сақтап, жаңбырсыз, тынық ауа райын қамтамасыз етеді.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Бұл өңірлерде қар, боран және көктайғақ қаупі жоғары. Мамандар жолда абай болуға шақырады.

Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша тұман түседі, ал солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі байқалады.

Тұман көру мүмкіндігін күрт төмендетсе, желді аудандарда жол қозғалысы қиындауы мүмкін.