3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

3 Қараша 2023, 01:03 589

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 3 қарашаға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында Атлант циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен күн райы құбылмалы болады.

Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, еліміздің шығысында кей жерлерде қалың қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде антициклонның екпінімен күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астана – көшпелі бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +8+10°С.

Алматы – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +13+15°С.

Шымкент – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +18+20°С.

Берік Арманов
Бөлісу: