3 миллионнан аса бала қосымша біліммен қамтылды

6 Қараша 2023, 04:33 642

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2027 жылға дейін балаларға арналған 50 сауықтыру білім беру орталығы мен қосымша білім беретін 100 ірі нысан құрылатын болады. Бұл тәсілдер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалардың жеке дамуы мен қоғамға сәтті қосылуына жаңа мүмкіндіктер жасауға жол ашады»,-деп атап өтті министр.

Перизат Саденова
Бөлісу: