«3 градусқа дейін аяз». Демалыс күндері ауа райы тұрақсыз болады

6 Қыркүйек, 14:02 1345

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа рай болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, оңтүстік өңірлерде найзағай байқалады. 7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек елдің батысында, солтүстік-батыс антициклон сілемімен, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшейеді.

Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман күтіледі. 7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: