Оңтүстік Қазақстан облысының славян мәдени орталығы 1991 жылы ұйымдастырылып, әділет органдарында тіркелген. Бұл өз қызметін Орталықтың Жарғысына және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық ұйым.
Қарап отырсақ, Славян мәдени орталығы Қазақстанның Тәуелсіздігімен түйедей құрдас. Биыл этномәдени ошақтың құрылып, жұмыс істей бастағанына 28 жыл толып отыр. Отыз жылдай тарихы бар өнер, тарих, тіл, мәдениет ошағы туралы толық материалды мына сілтемеден оқи аласыздар.