28 наурызға арналған ауа райы болжамы

28 Наурыз 2023, 09:00 718

Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

EL.KZ
Бөлісу: