28.02.2023
09:00
1806
28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 28 ақпан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды.

Тек Қазақстанның батысы мен солтүстігіне Атлантика циклоны ықпал етеді.

Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

Елдің солтүстігінде бұрқасын соғады.

Қазақстан бойынша тұман түседі, жел күшейеді.