27 жыл бұрын жоғалған адамды көршісі тұтқында ұстаған

17 Мамыр, 11:45 11739

Алжирлық Омар Бин Омран 27 жыл бойы көршісінің қорасында тұтқында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Elkhabar басылымына сілтеме жасап.

Ол 1997 жылы 17 жасында жоғалып кеткен. Сол күні сабаққа кетіп, қайта оралмапты. Жақындары Омранды бірнеше жыл іздегенмен, нәтиже болмаған. Сол жылдары Алжирде азаматтық соғыс болып жатқандықтан, жігіт мерт болды деп ойлапты.

Ал жасөспірімнің иті көршісінің үйіне жиі бара беріпті. Алайда, екі аптадан кейін жануар уланып өлген.

Полицейлер жоғалған адамды 12 мамырда тапты. Ол көршісінің қой қорасындағы жасырын жертөледе болған. Ол жердің кіреберісі шөппен жабылған. Көрші қамауға алынды.

Осы жылдар бойы Омран ешкімді көмекке шақырмаған, себебі тұтқындаған адамның сиқыршы екеніне сеніп, ол қарғайды деп ойлапты. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: