27.11.2022
07:09
1686
27 қарашада ел аумағында аяз күшейіп, бұрқасын көтеріледі

27 қарашада ел аумағында аяз күшейіп, бұрқасын көтеріледі

Еліміздің бірқатар өңірінде аяз күшейіп, боран соғуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамына сәйкес, республика аумағының басым бөлігі әлі де суық солтүстік антициклонының ықпалында. Соның әсерінен жауын-шашын жаумайды. Алайда елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы күрт төмендейді.

Оңтүстік-шығыста атмосфералық бағыттың өтуіне байланысты қар жауады. Ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста - қар мен жаңбыр, тұман, көктайғақ күтіліп отыр, шығыста - аздап боран соғады. Республика бойынша жел күшейеді, - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.