27 ақпанда тұман түсіп, көктайғақ болады

27 Ақпан 2023, 07:30 775

Елдің басым бөлігіне антициклон ықпал етеді деп күтілуде

27 ақпанда еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер сол себепті бірқатар аймақта жауын-шашын болмайтынын болжады.

Тек атмосфералық фронттардың әсерінен республикамыздың батыс жартысында жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады деп күтіліп отыр.

Еліміздің қиыр солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.

Республика аумағы бойынша тұман түседі, жел күшейеді.

EL.KZ
Бөлісу: