26.04.2024
10:09
973
26 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

26 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттардың өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады, елдің шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ түседі, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталығында, шығысында, батысында өрт қаупі жоғары болуы күтіледі, - деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

26-28 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы ықтимал.