30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОсы сұрақтың жауабын табу үшін, Американдық журналист қыз Эстер Хониг әлем елдерінің сұлулық стандарттарын зерттеуге бел буады. Бұл ниетін орындау үшін ол жер шарының түпкір-түпкірінде өмір сүретін, фотосурет өңдейтін фрилансерлерге өз суретін таратады. «Before & After» - «Дейін және Кейін» атты жобаға әлемнің 25 мемлекетінен 40-қа жуық фрилансерлер қатысады. Олардың міндеті - Эстер Хонигтің суретін өзгертіп «әдемі қылу» еді...
Эстер Хониг әр елдің сұлулық туралы түсінігі әр-түрлі болады деп ойласа да, мұндай нәтижені күтпеген еді. Кейбір суреттерде Хониг өзін әрең таныса, кейбіреуі оны терең ойға батырған екен...Ондай туындылардың қатарына Мароккодан келген сурет жатады.
Келесі суреттердің айырмашылығына қарап 25 елдің сұлулық стандарттары қаншалықты өзгеше болатындығына көз жеткізуге болады.
«Осы жобаның арқасында біз бірыңғай сұлулық стандарттың жоқ екендігін түсіндік. Және де, осы зерттеуге сүйенсек, идеалға қол жеткізу мүмкін емес...» - Эстер Хониг.
Ойланып көрсе, сұлулық стандарты тек әр-түрлі елдерге ғана бөлінбейді. Мысалы, әр ұрпақ, әр уақыт, оны қойып әр адам өз стандарттарын белгілейді.
Сонда қыз атаулы қаншалықты әдемі болса да, барлығына ұнай бермейтіні болғаны ғой... Онда сыртқы келбетке соншалықты көңіл бөлмей, «сұлулық құрбандықты қажет етеді» - деген дәйексөзді ары қарай ысырып, жан-дүниемізге көңіл бөлген дұрыс болар...Сыртқы келбет сұлулығының стандарты әр-түрлі болса, жан сұлулығының стандарты біреу ғана болар...
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды