25500 теңге көмек беру шарасы басталды

12 Наурыз, 14:41 2077

Шымкентте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен мұқтаж жандарға көмек көрсетуге арналған «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көмек қала әкімдігінің тіркеуінде тұрған көп балалы және мүгедектігі бар адамдарға беріледі.

Бір азық-түлік себетінің құны 25500 теңгеге тең. Оның ішінде ұн, күріш, шәй, май, қант, томат, макарон өкімдері, сабын және тағы басқа заттар бар. 

Қайырымдылық шарасы қаланың бес жерінде ұйымдастырылса, мүмкіндігінің шектеулілігіне байланысты келе алмайтын тұрғындарға еріктілер көмекті үйіне жеткізіп береді. Акция Рамазан айына орай қолға алынған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: