25.10.2022
11:22
3500

25 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет мамандары 25 қазан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz.

Батыс антициклоны әлі де Қазақстанның шығыс жартысына әсерін сақтайды, сондықтан ол аймақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріне циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді.

Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстанның оңтүстігінде таулы аудандарда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, жел күшейеді, солтүстік-батыста көктайғақ болады.

Елдің шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.