25 қазанда елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады

24 Қазан, 22:33 440

"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 25 қазанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Зарина Арман
Бөлісу: