25.01.2023
00:18
1440
25 қаңтарда бірқатар өңірде қар жауып, бұрқасын соғады

25 қаңтарда бірқатар өңірде қар жауып, бұрқасын соғады

25 қаңтарда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бұған солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді деп болжануда.

Елдің солтүстігінде, шығысында атмосфералық бөліктер өту себепті қар жауып, жел күшейіп, бұрқасын соғады.

Сондай-ақ оңтүстік, солтүстік пен батыста тұман түседі деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар солтүстік пен Жетісу облысының таулы аймақтарында 28 градусқа дейін аяз болады.