25.05.2023
01:03
1277
25 млн теңгенің темекі өнімін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

25 млн теңгенің темекі өнімін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Жамбыл облысында 25 млн теңгенің темекі өнімін заңсыз алып өтпек болғандар қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Анықталған тауар процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылған.

18 мамырда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Меркі ауданының «Кеңес» шекара бөлімшесінің аумағында Қазақстан Республикасына 43 мың қорап темекі өнімін заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті.

Тауар бағасы 25 млн астам теңгені құрады.