24.10.2022
09:05
4015
24 қазанға арналған ауа райы болжамы

24 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 24 қазан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Батыс антициклоны ықпал етеді.

Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронттар жүріп өтеді.

Осыған байланысты жаңбыр жауады, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.