Биыл қалада қақпағы бар дөңгелекті қоқыс жинайтын 260 жаңа контейнер сатып алынды. Олар шағын аудандар мен ескі қаланың солтүстік бөлігінде орнатылған. Құны шамамен 23 миллион теңгені құрады, – деп жазды дереккөз.
Бұған дейін тұрғындар қоқыс бірнеше апта бойы шығарылмайтынына шағымданған. Осыған байланысты тиісті компаниямен шарт бұзылды.
Ақсай қаласы әкімінің орынбасары Бекболат Ғұбаевтың айтуынша, қазір қоқыс күнде шығарылатындықтан ешқандай шағым жоқ.