23 жастағы Түркістан облысының аруы 67 жастағы оңтүстіккореялық ақсақалға ұзатылды

8 Шілде 2023, 13:52 39639

Түркістан облысының Сайрам аудаының 23 жастағы тумасы оңтүстікореялық 67 жастағы қартқа тұрмысқа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Arbat.mediaға сілтеме жасап.

Бұл туралы korea_komek парақшасында жазылды. Жазбадағы мәліметке сәйкес, егде жастағы кәріс азаматы жиырмадан енді асқан бойжеткенмен отау құрып, Түркістан облысында ұзату тойы өткені туралы бейнежазбаны жариялады.  

Менің көз алдымда 67 жастағы кәріс азаматы 23 жастағы қызбен отбасын құрды. Қыз бала Сайрам қаласының тұрғыны еді. Мен сол қызға "саған жастау кәріс немесе өзіміздің жігіттер табылмай қалды ма?" дегенімде ол жай ғана "махаббат жасқа қарамайды" деп сөзін қысқа қайырған еді, - деп жазды парақшаның әкімшісі Самат Ахметов.

Оның жариялаған бейнежазбасында 67 жастағы оңтүстіккореялық азаматтың Қазақстандағы тойханалардың біріне салтанатпен кіріп келе жатқаны анық көрінеді. Бұған қатысты желі қолданушылары көптеген пікір жазып қалдырған, "Жайлы өмірді қалаған шығар", "Кімнің кімге шыққанында не жұмыстарың бар?", "Қазақтан қамқор жігіт табылмады ма?" деген сынайда көптеген пікір жазып қалдырған. 

Сондай-ақ, парашда соңғы 3 жылда кәрістерге тұрмысқа шығып жатқан қазақстандық қыз келіншектердің саны 40 пайызға артқаны туралы дерек келтірген. Мәселеген, 2020 жылдан бері 86 қыз-келіншектер оңтүстіккореялық азаматпен отбасын құрған көрінеді. 

Асқар Таудай
Бөлісу: