23.08.2022
07:56
2351
23 тамызға арналған ауа райы болжамы

23 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі, солтүстік-батысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Атырау облысының батысында, шығысында, орталығында солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының да орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында жер бетінде үсік 2 градус сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 25 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысыңда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстанда да сондай ауа райы, облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.