2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 86 мың бос жұмыс орны мен 110 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда олардың саны сәйкесінше 11,8% және 4,3%-ға азайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, орташа білікті мамандар тапшылығы байқалды – сұраныс ұсыныстан 16%-ға асып түсті. Сонымен қатар, жоғары білікті лауазымдарға жұмыс берушілердің ұсыныстарынан сан жағынан асып түсетін жұмыс іздеушілер тарапынан бәсекелестік күшейді.
Жалақы бойынша ең көп ұсыныстар:
Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы сұрағандар:
Жұмыс берушілердің ең жоғары белсенділігі Астана қаласында (барлық бос жұмыс орындарының 11,5%-ы), Түркістан (7,5%) және Павлодар (7,1%) облыстарында тіркелді. Бірқатар өңірде бос жұмыс орындарының саны төрттен бірінен астамға қысқарды: Батыс Қазақстан облысында – 36%-ға, Алматыда – 35%-ға, Маңғыстауда – 34%-ға, Ұлытауда – 25%-ға.
34 жасқа дейінгі жастар жұмыс іздеушілердің ең белсенді санаты болып қалды – олар барлық түйіндемелердің 44%-ын құрайды (110 мыңның 48,6 мыңы). Олардан кейін орта жастағы үміткерлер (37%). Жынысы бойынша барлық жұмыс іздеушілердің 52,8%-ын әйелдер, 47,2%-ын ерлер құрайды, - делінген мәліметте.
Жұмыс іздеушілер белсенділігінің төмендеуі Алматы қаласында (-28%) байқалды, басқа өңірлердің көпшілігінде төмендеу көрсеткіші 15%-дан аспады.
Сұранысқа ие мамандықтардың ішінде тәртіп сақшыларына (1,8 мың бос орын), медбикелер (1,7 мың) мен жүргізушілерге (1,5 мың) сұраныс сақталды.
Айта кетейік, бұған дейін ведомство басшысы Светлана Жақыпова 3 мыңнан астам кәсіпорын еңбек тәуекелі аймағынан шығарылғанын айтқан. Сонымен қатар Skills Enbek платформасында 247 мыңнан астам қазақстандық оқытылды.