22 шілдеде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

21 Шілде 2022, 21:22 1339

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

El.kz порталы 22 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ-да қордың әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына арналған брифинг өтеді. Спикер: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры – Әлфия Әдиева.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «КВИ жаңа толқынының өту ерекшеліктері туралы» сараптамалық баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Біржанова Күлаяйм Жақсылыққызы; ҚР ДСМ дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Жүсіпов Бауыржан Алишерұлы; ҚР ДСМ инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Қожапова Роза Абзалқызы; Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисі Атығаева Сәуле Қабиқызы.

Көрсетілім сілтемелері: youtubefacebook.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Театр әлемі» концерт-қойылымы өтеді.

19.00-де Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында LUDOVICO EINAUDI шығармашылығына арналған концерт өтеді.

Бөлісу: