21.09.2022
20:06
1629
22 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді

22 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды El.kz

Онда мына мәселелер қаралады: 

- 20 қарашаға тағайындалған президенттің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту 

- Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік БАҚ өкілдерінің қызметін ұйымдастыру 

- 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту. 

Шара 22 қыркүйек сағат 11-ге белгіленген.