22 қазанда бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

21 Қазан 2023, 21:07 949

«Қазгидромет» РМК синоптиктері жексенбі, 22 қазанда 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстік-батысында, орталығында екпіні 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күннің аяғында облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстік, батыс, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 
 

Павлодар облысының оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Ұлытау облысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: