22.03.2023
09:32
1419
22 наурызға арналған ауа райы болжамы

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет ел аумағында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жырасының әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады. Тек еліміздің оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша тұман сақталады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік жартысында жел күшейіп, оңтүстігінде найзағай күтіледі», - деп жазды синоптиктер.