Ақтауда 21 жастағы ер адам асылып өлді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақтау қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 мамырда 13 шағынаудандағы үйдің бірінде орын алған.
Сағат 18:55-те 102-ге пәтердің жатын бөлмесінде ер адам асылып қалғаны туралы қоңырау келіп түсті. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Мән-жайды анықтау барысында 21 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды, - деді ведомстводан.
Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.