21 жастағы алматылық қызғаныштан жасөспірімді өлтірді

18 Шілде, 19:39 1044

Алматыда екі жас жігіт сөзге келіп қалып, ашуға булыққан біреуі екіншісіне пышақ сұғып алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін таңғы алты шамасында қаладағы Томирис шағын ауданында болған.

21 жастағы жігіт пен 17 жастағы жасөспірім қыздың үстінде жанжалдасып қалған. Жас жігіт 17 жастағы жасөспірімге пышақ сұғып, ол оқиға орнында көз жұмған.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті ұсталды, пышақ тәркіленген.

Шабуыл жасаған адамды полиция қызметкерлері қолға түсірді. Оларға патрульдік қызмет көмек көрсетті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген полиция мәліметінде.

Қайтыс болған жігіт жақында 18-ге толушы еді.

Зарина Арман
Бөлісу: