21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы мүмкін

26 Қыркүйек 2023, 11:10 846

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылап жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Темекіні тұтынуды азайту үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциздің ставкалары көтерілді, тұтынудың электрондық жүйелерінің (вейптер), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына толық тыйым салуды енгізу бойынша Мәжілісте заңға өзгерістер қарастырылды. 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізілуде, - деді министр. 

Саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 452 саламатты өмір салты кабинеті, 4608 денсаулық мектебі, темекіге қарсы кабинет және 157 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейтінін атап өтті.  

Миражан Махан
Бөлісу: