208 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді кімдер алады

20 Желтоқсан 2023, 13:00 7441

Арнайы әлеуметтік төлем экономиканың 19 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру мен өңдеу өнеркәсібінде және басқа да осы салада жұмыс істейтін қазақстандықтарға беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала деректер бойынша, 2024 жылы арнайы әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері – 208 мың теңге. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарға байланысты болады. Бұл ретте жыл сайын арнайы әлеуметтік төлем мөлшері ең төмен күнкөріс мөлшерінің ұлғаюына байланысты өседі. Алдын ала есептеулер бойынша 2030 жылы төлемнің орташа мөлшері 339 мың теңгені, ал 2035 жылы 519 мың теңгені құрайды, - деді Светлана Жақыпова.

Министр төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленетінін атап өтті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректері бойынша арнайы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мың, 2030 жылы 58 мың, 2035 жылы 95 мыңнан астам жұмыскер үміткер бола алады. Осылайша, төлем алушылар саны жыл сайын ұлғаяды.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: