2029 жылға қарай мектеп бітірушілердің саны екі есеге артады – министр

14 Ақпан, 16:29 692

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2029 жылға қарай мектеп бітірушілердің саны екі есеге артатынын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Саясат Нұрбектің сөзінше, мектеп бітірушілердің көбеюі жоғары оқу орындарында оқу кабинеттері мен жатақхана тапшылығына әкеледі.

Заманауи инфрақұрылымды құру және зертханалық құралдарды жаңарту өзектілігі артып келеді. Бұл ретте, 20 жоғары оқу орнының базасында академиялық шеберлік орталықтарын құру, ҚазҰУ-град, ЕҰУ-град кампустарын салу, Қонаев қаласында академиялық қалашық құру жобалары жүзеге асырылуда, – дейді Ғылым және жоғары білім министрі.

Саясат Нұрбек бір жыл ішінде мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, жобаларды қаржылық қамтамасыз ету және жер телімдерін бөлу мәселесі пысықталады деп отыр.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: