2027 жылы Қазақстанда интернеттен мәселе болмайды - министр

25 Сәуір 2023, 10:37 742

2027 жылға дейін қалалардың 75 пайызы, облыс орталықтарының 60 пайызы және 17 мың шақырым автожол мобильді интернетпен қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G енгізу жоспарланып отыр. 5G Интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді, - деді министр. 

Қазіргі уақытта 3063 мектепте Халықаралық телекоммуникация одағының ұсыныстарына сәйкес интернет жылдамдығы артқанын атап өтті. 

Биылғы оқу жылында техникалық мүмкіндіктері бар 1402 мектепте интернет жылдамдығы артады. Ал техникалық мүмкіндіктері жоқ 2003 мектепке «Ауылдарды оптикалық желілермен қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде интернет жеткізілетін болады, - деп түсіндірді министр.

Миражан Махан
Бөлісу: