Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Олимпиада ойындарының бойтұмары ретінде ақ және қоңыр ақкіс таңдалды, деп хабарлайды El.kz Inside the Games сайтына сілтеме жасап.
Оларды италиялық Катандзаро провинциясындағы мектеп оқушылары салған. Ақкістің біреуі ақ тон, екіншісі – қоңыр тон киген. Бойтұмар халықтың дауыс беруі арқылы таңдалды. Ақкістерге қатысушылардың 53 пайызы дауыс берген.
Бойтұмар байқауына елдің 81 провинциясындағы 82 мектеп пен 681 сыныптан 1600 өтініш қатысқан. Италиялық студенттерге қиялдары мен шығармашылық дарындарын пайдалана отырып, Олимпиада және Паралимпиада ойындарына сәйкес келетін екі кейіпкердің дизайнын жасау ұсынылған.
Еске салайық, 2026 жылы 6 және 22 ақпан аралығында Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында Олимпиада ойындары өтеді. Ал Паралимпиада ойындары сол жылдың 6-15 наурызына жоспарланған.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек