2026 жылдан бастап Қазақстанда профилактикалық скринингтер бағдарламасы кеңейтіліп, қатысушылардың жас шегі артты. Қандай аурулар тізімі жаңартылды, қазақстандықтар қалай тегін тексеруден өте алады? Ендеше, толығырақ тоқталайық.
Тегін тексерулер кімге арналған?
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа жылдан бастап 30 жастан 76 жасқа дейінгі қазақстандықтар тегін скринингтен өте алады. Бағдарлама аясында артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, диабет және глаукомаға тексеру жүргізіледі. Денсаулықты жылына екі рет тексертуге болады.
Оқи отырыңыз:
Бұған дейін скрининг тек 70 жасқа дейінгі адамдарға жүргізілсе, енді жас шегі 76 жасқа дейін ұлғайды. Бұл қосымша шамамен 1 миллион адамды қамтуға мүмкіндік береді. Скрининг бағдарламасы бірнеше бағытта кеңейтілді:
Министрлік скринингті жүргізу қажеттігі туралы шешімді ерлерді тексеру нәтижелеріне қарап кейінірек қабылдайтынын айтты.
Скринингтер қалай өтеді?
Министрлік түсіндіргендей, скринингтік тексерулер екі кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең:
Екінші кезең:
Министрлік «поликлиникалардың кадрлық және техникалық тұрғыда артқан жүктемеге дайын ба?» деген сұраққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек стандарттары қайта қаралғанын, алайда скринингтер санын көбейту қызметкерлердің қосымша оқытуды қажет ететінін айтты.
Неліктен скрининг жасы ұлғайтылды?
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде орташа өмір ұзақтығы өсіп келеді. Соңғы көрсеткіш 75 жастан асып, әрі қарай артуда.
Қарт адамдар белсенділігін ұзақ уақыт сақтайды және созылмалы ауруларды уақтылы диагностикалауды қажет етеді. Жас шегін кеңейту ауруларды ерте кезеңде анықтауға, өмірді ұзартуға және оның сапасын сақтауға мүмкіндік береді, – делінген министрлікте.
Қазіргі таңда Қазақстанда тіркелген науқастар саны:
Бұған дейін Қазақстанда өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін скрининг басталатыны туралы жазылған еді. Министрлік тексеру жоғары қауіп тобындағы азаматтар арасында жүргізілетінін атап өтті. Оған темекі шегетіндер және зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдар кіреді. Қазіргі кезде нақты жас шегі белгіленген жоқ.