2026 жылдан бастап ең төменгі баға: қандай тауарларға және қалай есептеледі?

2026 жылдан бастап ең төменгі баға: қандай тауарларға және қалай есептеледі?

2026 жылдан бастап Қазақстанда кейбір тауарларға ең төменгі баға бекітіледі. Бұл тәртіп Қаржы министрінің міндетін атқарушысының арнайы бұйрығымен енгізіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Тауарлар тізімі екі топқа бөлінеді:

  1. Ел ішінде өндірілетін тауарлар:

- этил спирті, коньяк, арақ;

- тауық жұмыртқасы;

- бидай мен бидай ұны;

- күнбағыс майы;

- ашытқы;

- сүзбе, балқытылған ірімшік;

- кейбір көкөністер (картоп, қырыққабат, сәбіз), алма;

- макарон өнімдері;

- ет және шұжық өнімдері;

- минералды тыңайтқыштар;

- антифриз;

- минералды мақта және тағы басқа.

  1. Қазақстанда өндірілмейтін тауарлар:

- банан, апельсин, мандарин, құрма, шампиньон, көкжидек;

- кейбір органикалық еріткіштер мен отқа төзімді керамикалық материалдар.

Ең төменгі бағаны есептеу тәртібі:
Мемлекеттік кірістер органы жылына төрт рет (28 ақпан, 31 мамыр, 31 тамыз, 30 қараша) уәкілетті статистика органынан әр тауар түрі бойынша соңғы үш айдағы кәсіпорындар мен өндірушілердің орташа бағасын сұрайды. Бағалар тауардың бірлігіне шаққандағы теңгемен беріледі.

Содан кейін жылына төрт рет (15 наурыз, 15 маусым, 15 қыркүйек, 15 желтоқсан) ең төменгі баға есептеліп, ресми kgd.gov.kz сайтында жарияланады.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, Сауда министрлігі бағаның өсуін тежеу үшін ерікті келісімдер жасауға шақырып отыр.