2025 жылы Ораза айы қашан басталады

Бүгiн, 12:50 371

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМДБ Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын еске салды.

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, - делінген мәліметте.

Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда кіреді. Ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түніне белгіленген. Ал Құрбан айт 6 маусымға тура келген. 

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: