Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, медициналық сақтандыру қорына тіркелген азаматтардың қатары көбейген.
МӘМС мәселелері уақыт пен жүйені талап етеді. Жылдың басында халықтың 83 пайызы МӘМС жүйесіне кірген болса, соңғы 11 айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 86 пайызға жетті. Сонымен қатар МӘМС жүйесіндегі қызметтердің көлемін көбейту жоспарланып отыр. 2025 жылдан бастап МӘМС жүйесіне тіркелген азаматтар қосымша қызметтерге қол жеткізе алады, - дейді Ақмарал Әлназарова.
Оған қоса МӘМС-тің қаржысын пайдаланып, заңсыз жұмыс істеген мекемелер де анықталған.
МӘМС жүйесіндегі бірден бір проблема – қаржылық тұрақтылық пен емдеу мекемелеріндегі тарифтер. Соңғы 10 жыл ішінде ана мен балаға арналған тарифтердің көбеюіне алғашқы қадамдар жасалды. Келесі жылы бұл жұмыс жалғасын табады. Сонымен қатар, МӘМС жүйесінде қызмет көрсетіп жатқан 1300-ден астам емдеу мекемелерінің барлығына мониторинг жүргізіп, заңсыз жұмыс істеп жатқан мекемелерді анықтадық, - дейді Денсаулық сақтау министрі.