2025 жылы елімізде қандай төлемдер мен жәрдемақылар өседі

7 Қараша, 12:18 13298

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2025 жылы Қазақстанда төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгеретіні айтылды,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

2025 жылдың басынан бастап балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың барлық мөлшері 6,5 пайызға арттырылатын болады.

Әлеуметтік кодекске сәйкес балалары бар отбасыларға республикалық бюджет қаражатынан мынадай жәрдемақылар тағайындалады:

1) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері мынадай болады:

2) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасауға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін):

3) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде жалпы орта, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға олар 18 жасқа толғаннан кейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы. Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты белгіленеді:

4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы:

5) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға ол 18 жасқа толғанға дейін тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы 74 428 теңге мөлшерінде төленеді.

Жоғарыда аталған жәрдемақылармен қатар 2025 жылы республикалық бюджеттен де көтерілетін болады:

1) жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері (ынтымақты зейнетақы) - инфляциядан 2 пайызға озып, 8,5 пайызға (6,5+2).

Еңбек министрлігінде ынтымақты зейнетақы мөлшерін қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға озып, индекстелетінін айтты. Нәтижесінде зейнетақы мөлшері мынадай болады:

2) базалық зейнетақы төлемі 6,5 пайызға (еңбек өтіліне байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70-тен 110 пайызға дейінгі мөлшерін құрайды):

Базалық және ынтымақты төлемдерді ескере отырып зейнетақының жалпы мөлшері:

3) №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы (жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары аса зиянды және аса ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда жұмыс істеген адамдар үшін) - 6,5 пайызға. Төлемдер мөлшері мынадай болады:

4) Жерлеуге арналған жәрдемақы - 6,5 пайызға. Жәрдемақы мөлшері:

5) Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы (зейнеткерлік жасқа толғанға дейін, 55 жастан бастап, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін) - 6,5 пайызға. Жәрдемақы мөлшері 92 456 теңгені құрайды.

6) І топтағы мүгедек адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамға мемлекеттік жәрдемақы - 6,5 пайызға. Жәрдемақы мөлшері 74 428 теңгені құрайды.

7) Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері де 6,5 пайызға артады:

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: