Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылы Ұлттық қордан әр балаға қанша ақша бөлінетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, биылғы 1 ақпанда 7 миллионға жуық балаға 100 доллар 52 центтен есептеп салынды. Ал келесі жылы 3 пайызға инвестициялық өсім болады деп жоспарланған.
Балаларға арналған ұлттық жоба биыл бірінші рет іске қосылды. 1 ақпанда 7 миллионға жуық балаға 100 доллар 52 центтен есептеп салдық. Бүгінде ол доллармен есептеледі. Екіншіден, ол сома қосымша инвестицияланады. Сондықтан ол өсіп отыр. Енді инвестициялық кіріске келсек, биыл біз 2,6 пайызбен санадық. Келесі жылы жалпы 3 пайызға инвестициялық өсім болады деп болжамдап отырмыз. Балалардың санын ескере отырып, 1 қаңтарда 118-120 доллар көлемінде болатын шығар деген болжам бар. Бірақ мұны 1 ақпанға дейін күте тұрайық. Дұрыстап есептеп, айтып береміз,- деді ол.