2025 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға қатысты Үкімет қаулысы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен келесі міндеттерді ұйымдастыру тапсырылды:
Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерге жіберу орындарында полиция қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін жүзеге асырады.
Көлік министрлігі мерзімді әскери қызметін өтеген сарбаздарды запасқа шығару және әскерге шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етеді.