2025 жылға дейін Жетісу облысында 4 өрт сөндіру депосы салынады

29 Қазан 2022, 00:41 1539

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты мәлімдеді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу аясында өңірдегі ТЖМ бөлімшелерінің даму перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz

«Біріншісі - өрт сөндіру бөлімшелерін жабдықтау. Облыс бойынша 19 бөлімше қорғауды жүзеге асырады. 2025 жылға дейін Талдықорған және Текелі қалаларында, Көксу және Алакөл аудандарында 4 өрт сөндіру депосын салу көзделген. Өңірді дамытудың 2026 жылға дейінгі жоспары шеңберінде 11 ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу, 2025 жылға дейін - құлақтандыру жүйесі мен өрт техникасын сатып алу жоспарлануда», - деді министр.

Юрий Ильин облыста түрлі мақсаттағы 123 техника бар екенін де айтты. Ағымдағы жылы жыл соңына дейін адамдарды құтқару, ТЖ-ның алдын алу және оларды жою үшін 8 бірлік техника сатып алу жоспарлануда.

EL.KZ
Бөлісу: