2025 жылға дейін барлық республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді

12 Желтоқсан 2022, 11:32 2190
2025 жылға дейін республикалық жолдардың 100%-ін, ал жергілікті жолдардың 95%-ін нормативті қалыпқа келтіріледі. Бұл туралы туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда 52 автокөлік өткізу пункттерін модернизациялау жүргізілуде.
«Достық-Мойынты» теміржол учаскесінің 2-ші жолдарының құрылысы басталды. «Дарбаза-Мақтаарал», «Бақты-Аягөз» және «Алматы станциясы айналма теміржол желісі» жобалары бойынша тиісті құжаттамалары дайындалуда», - деді ол.
Сонымен қатар, Қазақстан Темір Жолын көлік-логистикалық компанияға айналдыру жұмыстары басталғанын атап өтті.
 
 
Миражан Махан
Бөлісу: