2025 жылдың ең ерекше өнертабыстары

2025 жылдың ең ерекше өнертабыстары

Үй жинайтын гуманоид-робот, жануарларды тазалауға арналған машина, қолдың көмегінсіз жағылатын ерін далабы. Мұның барлығы биыл жарық көрген адамзат тарихындағы ғажайып туындылар болып саналады.

Биыл ЖИ қалай ерекшеленді?

2025 жыл жасанды интеллект, робототехника және жаңа буын жабдықтары салаларында дамудың күрт жеделдеуімен, тіпті серпілістермен ерекшеленді.

Алайда ең есте қаларлық жаңалықтардың кейбірі мүлде күтпеген, кейде тіпті таңғаларлық болды, бұл технология әлемінің қаншалықты креативті екенін көрсетті.

Біз өтіп бара жатқан жылдың ең ерекше өнертабыстарының топтамасын жасадық. Үй жануарларына арналған робот-көмекшілерден бастап, жасанды интеллекті бар ерін далабын жағу аппликаторына және адам терісі сияқты жанып тұратын телефон қаптамасына дейін.

NEO технологиясы жыл жаңалығы болды

Үй жинай алатын, билейтін және кілтіңізді таба алатын гуманоид-робот үй шаруасындағы әйел адамдардың көңілінен шығып үлгерді.

Бір кездері қиял-ғажайыптың алыс болашағы сияқты көрінген роботтар бүгінде шындыққа айналып келеді. Осы саладағы ең жаңа әзірлемелердің бірі NEO технологиясы болып тұр.

Биыл үй шаруасына көмектесуге арналған әлемдегі алғашқы гуманоид-робот ретінде таныстырылған NEO кірді бүктей алады, киім шкафындағы кеңістікті ұйымдастырып, заттарды сөрелерге реттеп қояды және жалпы тәртіпті сақтайды.

1X Home Robots компаниясы жасаған бұл робот қосымша арқылы берілетін ауызша немесе қолмен басқару командаларына жауап береді және кіріктірілген үлкен тілдік модельдің арқасында үй шаруасын едәуір жеңілдетті.

Бәсекелестік екі есеге артты

Бір компания жасанды интеллекті бар ит жуу капсуласын жасап шығарды, ол сіздің үй жануарыңыздың тұқымы мен жүн түріне қарай жеке жуу режимдерін ұсынады.

Woofwoof Lux жұмсақ су ағындары мен жануарларға қауіпсіз сусабындарды пайдаланып, төрт аяқты достарға артық күйзеліссіз мұқият тазалықты қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта бұл құрылғы сатылымда жоқ, бірақ сіз АҚШ-тағы Paws 48 атты иттерге арналған спорт залы мен груминг орталығында Woofwoof Lux көмегімен итіңізді жуындыра аласыз.

Америкалық Realbotix компаниясы адамдармен қарым-қатынас жасауға, иесімен эмоциялық байланыс орнатуға және оны сақтауға арналған Aria атты жаңа гуманоид-роботын таныстырды.

Бұл модель дене қимылының жақсартылған икемділігімен, күрделі бақылау жүйесімен, нысандарды тану қабілетімен және ChatGPT сияқты үшінші тарап ЖИ-лерін біріктіру мүмкіндігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, оны модульдік бөлшектердің көмегімен дерлік шексіз түрде баптауға болады. Пайдаланушылар бөлшектерді алмастырып, өздеріне мінсіз компаньон жасай алады.

Келер жылдан не күтуге болады?

Соңғы заманауи құрылғыларды жасап шығаратын ірі компаниялар келер жылдың нақты жоспарын айта қойған жоқ. Бұның барлығы бісекелестіктің артуына алып келеді. Яғни желтоқсан айында жобасы жасалып, келер жылға дайын тұрған өнімді шығаруға асықпайды. Басқа да бәсекелестерін бақылап, қоғамға деген сұранысын тексеріп алуды жөн санайды.