2025 жылдан бастап оңайлатылған салық режимін енгізу ұсынылды

26 Қыркүйек 2023, 15:54 975

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Платформалық жұмыспен қамтуды реттеу және онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мақсатында биыл Қаржы министрлігімен бірлесіп интернет-платформалардың көмегімен қызмет көрсететін тұлғаларға салық нормаларын қолдану бойынша пилоттық жоба, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің мөлшерлемесін төмендету және оларды төлеудің тетігін жеңілдету мақсатында Әлеуметтік және Салық кодекстеріне, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерту енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді, – Светлана Қабыкенқызы.

Светлана Жақыпованың айтуынша, бұл ретте тіркелген мөлшерлемесі бар оңайлатылған салық режимін 2025 жылдан бастап енгізу ұсынылады, ол 4 пайызды құрайды. Оның ішінде жеке табыс салығы – 1, әлеуметтік аударым – 1, міндетті зейнетақы жарналары – 1, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары 1 пайызға жетті.

2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленеді. Ол жыл соңына дейін Үкіметтің қарауына енгізіледі. Атап айтқанда, жұмыс орнында кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың жаңа моделін енгізу, кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша сақтандыру тарифін саралау, Кәсіпорындардың цифрлық картасын құру және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылау мен мониторингтің проактивті форматын енгізу және де басқа ұсыныстар бар, – деп атап өтті министр.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: