2024 жылы төлқұжат алу құны қанша болады

2 Қаңтар, 13:47 7490
Қазақстанда төлқұжаттар мен жеке куәліктерді алуға төленетін баж мөлшері өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты елімізде құжаттарды ресімдеу бағасы да өсті (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК 3692 теңге болды, ал 2023 жылы 1 АЕК 3450 теңгені құраған).
 
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 24 беттен тұратын паспорт үшін мемлекеттік баж 4 АЕК-ті (16 жасқа дейінгі балалар үшін 14 768 теңге), 48 бет – 12 АЕК (44 304 теңге) құрайды.
 
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалтуына байланысты – 1 АЕК (3692 теңге).
 
Сондай-ақ 24 және 48 беттен тұратын төлқұжат үлгілері енгізіледі.
 
Осы жылдан бастап аталған құжаттарда 16 жасқа толған, сонымен қатар "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заңда белгіленген жағдайларда 12 жастан 16 жасқа дейінгі құжат иесінің саусақ іздері болады.
 
Төлқұжат пен жеке куәліктің жарамдылық мерзімі – он жыл.
 
Сондай-ақ қазақстандықтар терминалдарда жеке куәліктер мен паспорттарды ала алады.

Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары мен облыс орталықтары үшін бір жұмыс күнінде құжатты әзірлеу ақысы 3011,12 теңгені құрайды (4 983 теңге болған); үш жұмыс күні ішінде - 1581,14 теңге (2 752 теңге) болды.

Жаңа жылдан кейін аудандар мен облыстық маңыздағы қалалары үшін құжатты 7 жұмыс күні ішінде әзірлеу ақысы 605,31 теңгені (1 116 теңге болған) құрайды.

Келесі топ мемлекеттік бажды төлеуден босатылады:

  • Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері;
  • үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Епи" атақтарымен марапатталған тұлғалар;
  • "Батыр ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері, тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
  • мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедек баланың ата-анасының бірі; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілген, балалар үйінде немесе мектеп-интернаттарда тұратын қарт адамдарға;
  • Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтар.

Құжатты жалпы тәртіппен 15 жұмыс күні ішінде алуға болады (өтініш жасалған және құжат қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды жедел түрде алу:

  • Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін – бір жұмыс күніне дейін жеделдіктің 1-санаты, үш жұмыс күніне дейін 2-ші жеделдік санаты;
  • облыс орталықтары үшін – үш жұмыс күніне дейінгі мерзімділіктің 1-санаты, бес жұмыс күніне дейінгі мерзімділіктің 2-санаты;
  • облыстардың аудандары мен қалалары үшін – жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімділіктің 3 санаты.

Құжаттар топтамасын тапсырудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

Өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: