2024 жыл Қазақстан шоу-бизнесінің жұлдыздары үшін ерекше оқиғаларға толы болды. Биыл көптеген танымал тұлғалар өмірлеріндегі маңызды кезеңдерді атап өтіп, отбасын құрды. Бұл жағдайлар олардың жеке өміріне ғана әсер етіп қоймай, қоғамда үлкен қызығушылық тудырып, көпшілікті сүйіспеншілікке бөледі. Бүгінгі мақаламызда биыл шаңырақ көтерген қазақстандық жұлдыздар туралы айтамыз.
«Джейран» тобының экс солисі, әнші, «Мошенники», «Нурикамал» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Фариза Ескермес биыл күзде тұрмысқа шықты. Оның таңдауы Андрей есімді өзге ұлт азаматына түсті.
Фаризаға тамыз айының басында сырға салынып, ұзатылды. Кейін Үнді стиліндегі қызойнақ (девичник) өткізді. Осылайша, актриса мен оның сүйіктісі үйлену тойларын туыстары мен танымал жұлдыздардың арасында өткізді.
View this post on Instagram
Көрерменге «Дәстүр», «Адал алаяқтар» фильмі арқылы танылған қазақстандық актер Ермек Шынболатов қазан айында үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Актер әйелі Гүлбаламен 7 айға жуық уақыт кездесіп, кейін шаңырақ көтеру туралы шешім қабылдаған.
Демалыс күндері екі аптада бір рет барып, Бір-екі күн серуендеп, қайтадан кететінмін. Біз үйлену тойына дейін небәрі 17 рет кездескенбіз. Мен оны алғаш рет көрдім, жүрегім бір нәрсені сезіп, ғашық болдым, – деді Ермек Шынболатов.
Актер қазақтың салт-дәстүріне сәйкес, Гүлбалаға қалың мал төлеп, үйлену тойын жасады.
View this post on Instagram
Қазақстандық актриса, әнші Айгүл Иманбаева екінші рет тұрмысқа шықты. Ол күйеуі Ерланмен ортақ достары арқылы танысқан. Енді үйлену тойын ақпан айында Майамиде жасауды жоспарлап отыр.
Қазіргі тапқан адамым – мәңгілік махаббатым. Саналы түрде шешім қабылдадым. Бақытты сәтімде ұлым да, құрбым да жанымнан табылды. Мәһрге Lamborgini көлігін сұрадым. «Қазақша үлкен той жасағың келе ме? Алматыда өткізейік» деп сұрады. Мен қарсы болдым. Десе де ет-жақындарымызға Майамиде ақпан айында той жасаймыз деп шештік, – деді әнші.
View this post on Instagram
«Aeka Posh» лақап атымен танылған блогер Айым Алтынбекова екінші рет тұрмыс құрды. Оның күйеуі – қазақстандық актер Шалқар Құдайберген.
Жылдар бойы аңсап күткен күніміз. Бәріне шүкір. Бұл естен кетпес күн болды, – деп жазды блогер.
Айым қазақтың салт-дәстүрлеріне сай ұзатылып, жаңа үйіне келін болып түсті.
View this post on Instagram
Осы жылдың ақпан айында танымал актриса, әнші Салтанат Серкебаева екінші рет шаңырақ көтерді. Күйеуі – Нұржан есімді жігіт. Әнші «Сырға салу» рәсімін өткізіп, үйлену тойын Семейде атап өткен.
Бүгінде Салтанат ана болуға дайындалып жатыр. Бұл туралы хабарды әлеуметтік желідегі оқырмандарына жариялады.
«Мен өзімді періште сияқты сезінемін», – деп жазды актриса Instagram парақшасында.
View this post on Instagram
Белгілі әнші Айқын Төлепберген мен әйелі Жұлдыз Өмірғали биыл үйлену тойын жасады. Жұлдызды жұп 9 жыл бұрын отбасын құрса да, той жасауға реті келмеген.
Жұлдызға үйленемін дегенде бәрі маған қарсы болды. Достарымнан бастап, әке-шешемнен бастап, оқырмандарымнан бастап бүкіл дүниежүзі қарсы болды. Тек мен ғана қаладым. «Осы Жұлдызды аламын» дедім. Жаным, Жұлдыз мен сені жақсы көремін. Уәде еттім, ақ көйлек киесің дедім. Мен саған әкең де, күйеуің де, досың да, құрбың да боламын, – деді Айқын.
Қуанышты сәтті атап өтуге барша туысы, жақындары, достары келген.
View this post on Instagram
Қазақстандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет үйленді. Әншінің таңдауы Назкен есімді аруға түскен.
Оның қуанышына ортақтасуға жақындары, өнердегі әріптестері жиналды. Той қонақтарының арасында Сәкен Майғазиев, Ермек Меденов, Ұланғасыр Қамиев және тағы да басқа танымал өнерпаздар болды.
Танымал әнші Абай Бегейдің ортаншы қызы Сымбат 16 жасында тұрмысқа шықты. Күйеу жігіт алдымен ұсыныс жасап, кейін алып қашып кеткен. Сөйтіп, Сымбатқа Ақтау қаласында сырға салынып, ұзатылды. Артынша үйлену тойы дүркіреп өтті. Той үстінде әкесі Абай қызына бағалы сыйлық, атап айтқанда, жаңа көліктің кілтін тарту етіп, батасын берді.
Өткенің көз алдымда, балдырған қызым. Білмеймін, бере алдым ба әкелік жан жылуын. Мұстафа балам, қызым саған аманат. Маңызды күніңде жаныңнан табылып, қуанышыңа ортақ болғым келді. Мен саған ризамын, қызым. Сенің қуанышыңа арнайы тосынсыйым бар. Сен дайын болсаң, – деді Абай Бегей.
View this post on Instagram
Биылғы жылдың қараша айында белгілі әнші Жанар Айжанованың қызы, қазақстандық актриса, дизайнер Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі экстрим-блогер Сәкен Қағаров үйленуге ұсыныс жасады. Ол ұсынысты Исландиядағы сарқыраманың жанында ұйымдастырған. Сәкен сүйіктісінен «иә» деген жауап алды.
View this post on Instagram
Қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист, актриса Гүлмира Дайрабаеваның ұлы, блогер Артур Асқарұлы желтоқсан айында сүйіктісіне ұсыныс жасады.
Блогердің жары – киімнің жаңа эскизін жасайтын дизайнер Замира. Артур үйлену туралы ұсынысын Көлсай көлдерінің маңында жасады. Артынша мешітте некелерін қиды.
View this post on Instagram
Жақында ғана қазақстандық әнші Әйгерім Рақышқа сүйіктісі Қытайда үйленуге ұсыныс жасады. Әншінің таңдауы клипмейкер Нұркен Қасымовқа түсті.
Мен «иә» дедім. Барша құттықтаулар мен тілектеріңізге алғыс білдіреміз! Барлығын оқып шықтық. Шүкір, бақыттымыз!», – деп жазды Ayree.
Екі жас елге орала салысымен мешітте некесін қиды.
View this post on Instagram