2024 жылы Қызылорда облысында айна шығаратын зауыт салынады

2024 жылы Қызылорда облысында айна шығаратын зауыт салынады

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің сөзінше, алдағы 6 жылда облыста құны 1 трлн 100 млрд теңге болатын 65 жоба іске асады.

Осының арқасында 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл құны 14 млрд 100 млн теңге болатын 15 жоба іске қосылды. Қабылданған шаралардың негізінде өнеркәсіп құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 30% ұлғайды. Былтыр іске қосылған шыны зауыты тұрақты өнім шығарып, оның 70%-ын ішкі нарыққа, 30%-ын Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікментанға экспорттап жатыр, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Зауыттың негізгі қуаты – 197 мың тонна. Ол іске қосылғаннан бері 167 мың тонна өнім шығарған.
Сондай-ақ облыс әкімі ендігі жылы айна зауытының құрылысы басталатынын атап өтті. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге. 

Шыны зауытының аясында шағын және орта кәсіпкерліктің белдеуін дамытуға мүмкіндіктер мол. Зауыт жанынан құны 130 млрд теңгеден асатын 8 түрлі шыны бұйымдарын шығаратын 8 ілеспе кәсіпорны құрылады,- деді ол.

2024 жылы қосымша аумағы 5 млн шаршы метр болатын энергия үнемдейтін шыны өндірісі іске қосылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ шыны бөтелкелер шығаратын және алғашқы айна зауытының құрылысы басталады. Бұл 3 жобаның жалпы құны – 32 млрд 300 млн теңге.