ҚР Ұлттық статистика бюросы бағалардың тоқтаусыз көтеріліп бара жатқанын кезекті рет тіркеді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ішінде Қазақстанда инфляция тағы ең жоғарғы өсімді көрсетіп, азық-түліктің жекелеген түрлері басқа елдерге қарағанда едәуір өскен. Ал, жалпы, бұл тенденция бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. 2024 жылы Қазақстанда қандай қызметтер мен тауарлардың бағасы өсті? Назарларыңызға ұсынамыз!