2023 жылы қызметкерлердің жалақысынан бірыңғай төлем енгізіледі

28 Желтоқсан 2022, 15:16 3791

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті

2023 жылдан бастап қызметкерлердің жалақысынан төленетін бірыңғай төлем енгізіледі. Аталған төлем жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеуді жеңілдетеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ресми хабарламаға сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілер үшін:

Бірыңғай төлемге: қызметкерлердің табысынан жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар енгізіледі.

2023 жылы Бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 20% (оның ішінде жеке табыс салығының үлесі – 9%) құрайды (мөлшерлемені кезең кезеңімен ұлғайту көзделген: 2024 жылы – 21,5%, 2025 жылы – 23,8%, 2026 жылы – 24,8%, 2027 жылы – 25,8% және 2028 жылы – 26,3%). Бірыңғай төлемді есептеу кезінде әлеуметтік төлемдер бойынша белгіленген жеңілдіктер ескеріледі. 

Бірыңғай төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына бір төлеммен аударылады, ол төлемдерді белгіленген тәртіпке сәйкес бөледі және бірыңғай төлем төлеушілердің есебін жүргізеді.

Бірыңғай төлемнің есептелген сомасы қолданылатын салық салу режиміне байланысты 200.00, 910.00 және 920.00 нысанды декларацияларда көрсетіледі.

EL.KZ
Бөлісу: